08.08.2022
  147


Автор: Балта Қосбармақ

Күзгі таң да атты, міне, мөлдіреп...

Күзгі таң да атты, міне, мөлдіреп,
Ағаштар тұр жапырағы селдіреп.
Түнде жауын жауып өткен айнала,
Күзгі таңға қарайсың сен ойлана.
Естілді де машиналар сарыны,
Қырман жақта қызды еңбек дабылы.
Қысқа қамдап алдағы келе жатқан
Диқандар бұл астығын жинап жатқан.
Күздігүні бидайды дестелейді,
Машиналар жер бетін кестелейді.
Оңтүстікке құстар қанат қағады,
Ағаш біткен шықтан алқа тағады.
1976 жыл.





Пікір жазу