08.08.2022
161

Жаңбырды аңсау
Құйып жаңбыр далаға жауған екен,
Рахаттанып дүние қалған екен.
Төгіп өтер,
Шын рахат беріп өтер
Ақ жаңбырды мен-дағы арман етем.
Дала байғұс сусынын қандырғандай,
Менің ғана жүректе қайғым бардай.
Арман еді
Тазалап жан сарайын,
Ағыл-тегіл төгетін жаңбыр қандай!