08.08.2022
98
Жазғы жаңбыр
Кең далада бұлдыр сағым ойнаған,
Кез еді әлі ыстық қайта қоймаған.
Селдетіп бір жаңбыр жауды кенеттен,
Құйғандай бір Аспан атты шелекпен.
Сол-ақ екен, жайнап кетті айнала,
Толды суға лезде бар сай-сала.
Су-су қылды изен, бұта, жусанды...
Бар табиғат қайтадан бір бусанды.
Сол кезде жел қуды бұлтты асырып,
Тұрды көкте Кемпірқосақ асылып.
Бұлт сырылып,
Қайтадан Күн аспанда,
Дала қайта тірілді нұр шашқанда...