08.08.2022
80
Таң
Кең дала жатыр тым сұлық,
Күлген жоқ әлі күн шығып.
Қазір-ақ, қазір құлшынып,
Күлмең қағады тіршілік.
Мүлгиді маңай – тыныштық,
Маужырап атты-ау таң мына.
Үзілді гүлден күміс шық,
Жалғыз мөлт ете қалды да.
Серпілді көрпесі ұйқының,
Сол мөлдір тамшы үнімен –
Қағып қап нұрлы кірпігін,
Оянған екен дүние ен...