08.08.2022
  104


Автор: Балта Қосбармақ

Жер бетіне көк кілем жамылдырған...

Жер бетіне көк кілем жамылдырған
Көктем келді көп күтіп, сағындырған.
Жан-жануар тыңдаған бұлбұл әні
Естіледі орманнан тамылжыған.
Тың далада колхоздар егін екті,
Колхозшылар егіске тұқым септі.
Еңбекші жұрт егін сап,
Тракторды
Тыным таппай, ерте-кеш гүрілдетті.
Ағын суға толтырып сай-саланы,
Көктем келіп, құлпыртты айналаны.
Оңтүстіктен құс қайтып,
Көл үстінде
Шағала мен аққу-қаз ән салады...





Пікір жазу