08.08.2022
  106


Автор: Балта Қосбармақ

Құлпырды, көктем келіп, тағы далам...

Құлпырды, көктем келіп, тағы далам,
Күн күлді рай беріп жадыраған.
Мәңгі өшпес симфониясы тіршіліктің –
Төгіліп мың түрлі күй, ағылады ән.
Далаға қыс бүлігін салып өтті,
Сары аяз, қарлы боран – бәрі кетті.
Елшідей қыс қылығын жуа келген
Қыз-көктем күліп-ойнап тағы жетті.
Көктемнің қызықтырмас кімді өнері?!
Көмейге сүйреледі жыр-кемені.
Қыз-көктем, жомарт көктем болмаса егер,
Шалқыған шабытымды кім береді?!





Пікір жазу