08.08.2022
102
Көктемге шашу
Дүние мынау – бар болмысымен әндеткен,
Күмбірлеп жатыр, би билеп жатыр Сал-Көктем.
Қымбат-ақ қазір,
Сымбатты-ақ қазір бұл әлем
Шыға алмай тысқа, қараған жанға әйнектен.
Босанып бір сәт қыстайғы қалың құрсаудан,
Күллі дүние салып-ақ жатыр бір сайран.
Ашылып жатқан,
Шашылып жатқан Тіршілік,
Келбетің қандай көрікті еді бусанған!
Бітеді бүгін бір шаруа емес, мың шаруаң...