08.08.2022
111
Тыныштық
Тыныштық!
Бұл сөз естілсе,
Шабытты өрге сүйрелер.
Құлаған таудан көшкінше
Көмейге лықсып жыр келер.
Құлашын көкке сермейді,
Жырың да еркін көсіліп.
Құздардан құзға өрлейді,
Шабытқа шабыт қосылып.
Төгілер бұл сөз әншінің
Көкірегінен ән болып.
Тыныштық – тәтті бал-шырын,
Тыныштық, оған жан жерік.
Ал соғыс...
Майдан...
Қан майдан...
Қашпаған ерлер қас жаудан.
Тозаққа әлем айналған,
Бомбалар жауып аспаннан...
Бір ауыз сөз ол – «Тыныштық»,
Өлсек те естен қалар ма?!
Бар сөзден бұл сөз тым ыстық
Жер басып жүрген адамға!
1975 жыл.