Соғыс
Соғыс!
Соғыс!
Кешегі қанды қырғын!
Адамзатты азалы, зарлы қылдың.
Сені жеңген бейбіт күш – мадақтары,
Қасіретің – қайғысы әр жырымның.
Көргенім жоқ күп-күрең аққан қан да,
Көргенім жоқ өртенген ақ таңдар да.
Мен, өйткені, туыппын ұлы адамзат
Космосқа Гагарин аттанғанда.
Жалап басты, құлақты оқ зу еткенде,
Жара салып, кек құйып жүректерге;
Болғаным жоқ.
Түтінің басылғалы
Туыппын дәл он алты жыл өткенде.
Снарядты көргем жоқ гүрсілдеген,
Сен, өйткені, жырақта тұрсың менен.
Қолқаны атқан дәрі исін сезбесем де,
Тілегім сол: «Сұм соғыс құрысын!» деген.
Мен – ұланмын шат заман, нұрлы күнгі,
Менікі боп бар бақыт тұр бүгінгі.
Көрмесем де ананы шашын жайған,
Сезем бірақ, сұм соғыс, сұмдығынды.
Көрмесем де, бар оған болған куә,
Менің атам – суығыңда солған қына.
Мен туғалы он бес жыл,
Сен тынғалы
Отыз бір жыл өтсе де, жиырма алтыда...