08.08.2022
  106


Автор: Балта Қосбармақ

Мүмкін бе екен домбыраны тыңдамау...

Мүмкін бе екен домбыраны тыңдамау,
Мүмкін бе екен домбыраны жырламау?!
О, құдірет!
Бір халықтың ғұмыры


Құйтақандай осы ағашқа сыйған-ау...
Ақ шанағы – тұнған тарих, шын ғажап,
Тарих үшін ұлы кінә, бұл мазақ:
Егер қазақ атанып,
Домбыраны түсінбесе бір қазақ!
О, домбыра!
Мәриямға – Дудар ең,
Қаратаудан қайғы болып,
Көш құлаған жылдар ең...
Өнер атты ұлы отауға қиянат –
Домбыраға бас имесе күллі әлем.
Баба салтын іздеп, ұрпақ, жоқ қара,
Мен сенбеймін, бір шындық бар тек қана:
Қасиетті домбырасы қазақтың
Тұрарына музейде
Экспонат боп қана.





Пікір жазу