08.08.2022
118
Тыңда, інім!
Тыңда інім!
Ақыл етіп айтам мұны,
Көп саған замананың артар жүгі.
Сенгеннен өзіңе емес, достарыңа
Шығасың өмір атты сапарға ұлы.
Достық!
Ол – берік қамал,
Күшті атом бомбасынан,
Тыңда, інім!
Бұл сөзімнің жалғасы бар:
Достық – гүл солып қалар.
Сондықтан ұста әрдайым есте мұны,
Қалады дос көңілі болмашыдан –
Тым қымбат бағалаудың шын достықты
Кім біледі, бір себебі сол да шығар...