08.08.2022
  103


Автор: Балта Қосбармақ

Мектебім

Адам ғып мені жеткізген
Аяулы ұя – мектебім.
Өзіңмен бірге өткізген
Бұл – менің соңғы көктемім.
Сонау бір балғын кезімнен
Анамдай болдың, мектебім.
Аңдамай қаппын өзіңмен
Қоштасар күннің жеткенін.





Пікір жазу