08.08.2022
344

Далам менің
Құлашын көкжиекке жайған далам,
Төсіңді шарлап талай, сайрандағам.
Дұшпанға қатуланған келбетіңнен
Сұс алып, жауларыма айбарланам.
Анамдай мейірімді, дархан далам,
Әр тасың, шөбің ақыл айтар маған.
Тарылсам қатыгез боп кей уақытта,
Өзіңнің ақылыңмен шалқарланам.
Көсілген шетсіз-шексіз байтақ далам,
Өзіңде туғаныма мен мақтанам.
Қайғыдан шөгіп жатсам кей уақытта,
Өзіңнен қуат алам, қайраттанам.
Демейтін әлсіресем, сүйенішім,
Өмірімді тіреп тұрған тірегімсің.
Қайғымнан арылтатын,
Бақытымды
Арттырып, тасытатын бір өзіңсің.