meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  08.08.2022
  245


Автор: Балта Қосбармақ

Маңқыстау

Маңқыстауым!
Қасиетті түбегім!
Мен – қойныңда туып-өскен түлегің.
Перзентіңмін,
Топырағыңда мен сенің
Алшаң басып, емін-еркін жүремін.
Маңқыстауым!
Қазыналы түбегім!
Сен деп соғар, ел деп соғар жүрегім.
Атқызармын ұлың болып жасампаз,
Мұнайдың сан шүмегін.
Маңқыстауым!
Туған атамекенім!
Саған мәңгі қарыздар боп өтемін.
Адал еңбек, ащы терге өмірімді арнаймын,
Қайтаруға борышымның өтеуін!





Пікір жазу