08.08.2022
  98


Автор: Балта Қосбармақ

Жауыздықтарға отты жырыммен шүйілсем...

Жауыздықтарға отты жырыммен шүйілсем,
Түйілсем,
Жалғыз Шындыққа ғана жүгінсем –
Тынымсыз мынау тіршілігімде тайсалмай,
Әділдік үшін алысатынымды ұғын сен.
Жауыз жандарға бара алмай қарсы, бүгілсем,
Иілсем егер, жағымпаздана жүгірсем –
Шіріген жалғыз жұмыртқа мені сана да,
Адамдығымнан түңіл сен!





Пікір жазу