08.08.2022
101
Тыңда мені...
Тыңда мені,
Түсін мені, әз адам!
Шындықты әркез жырлай алам, жаза алам.
Ақынға өлім –
Айта алмаса ақтығын,
Ешқашан ол өлмеген ғой қазадан.
Ақын болып жаза алсам бір отты өлең,
Қалайша елден жырыламын шетке мен?!
Жоқ, адамдар!
Ақынды елден бөлуге
Ажалдың да құдіреті жетпеген!