08.08.2022
  132


Автор: Балта Қосбармақ

Биік мақсатқа...

Биік мақсатқа
Таулардай мына көк сеңгір
Болмастай тіпті арманым менің жетсем бір.
Жетсем де, ешқашан тоқырап бірақ қалмас ем,
Онда армандар ем төгуді күн боп көктен нұр.


Ал егер жетпей,
Қара орман болып ақ арман
Кетсе де,
Орта жолда мен тоқтап қала алман.
Өйткені, өмір өрінде өршіл адам боп,
Алға, тек алға ұмтылу үшін жаралған!





Пікір жазу