meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  08.08.2022
  159


Автор: Балта Қосбармақ

Асқар таудай бәрі де тым-ақ биік...

Асқар таудай бәрі де тым-ақ биік,
Көкірегімде толы ғой менің Арман.
Тартқаным жоқ құзынан құлап күйік,
Бірақ бірі жоқ тағы орындалған.
Арман!
Арман!
Сырыңды жақсы ұғындым,
Өр тұлғаңды алыстан көріп тұрып.
Екпінімен жалын-от Жастығымның
Биігіңе келемін мен ұмтылып.





Пікір жазу