08.08.2022
  167


Автор: Балта Қосбармақ

Алыстай бер, асқақтай бер, Арманым...

Алыстай бер, асқақтай бер, Арманым,
Асығайын алға, бір дем алайын.
Өтсе өмірім, өкінбеймін ешқашан –
Асқарларға талпынумен әрдайым.
Мың есе артық ұмтыламын –
Егер де
Қаша берсең, аса берсең сен өрге.
Алыстай бер, асқақтай бер, Арманым,
Орын бізге болмау керек төменде!





Пікір жазу