08.08.2022
  205


Автор: Балта Қосбармақ

Арманым...

Арманым,


От боп көріндің,
Жалыны өшпес мәңгілік.
Көкірегімде менің Күн
Орнатып,
Бір шоқ қалдырып,
Қайтадан тағы жоғалдың...
Арманым,
Аппақ сағым боп,
Көріндің жақын алдымнан.
Жақтың сен өшпес жанымда от –
Сол ғана белгің қалдырған,
Қайтадан тағы жоғалдың...
Қалмадым,
Қудым жүгіріп,
Әлі үзбей күдер келем мен.
Бойда бір күдік, бір үміт –
Астым сан кырдан, белеңнен,
Білмеймін,
«Қашан алам?» деп.
Ұмтылдым, қайта көрінсең,
Тұра алмай жеткен жерімде.
Өмірге жетеледің сен,
Қашпасаң, бәлкім,
Өмірге
Мұншама ынтық болар ма ем?!.





Пікір жазу