08.08.2022
141
Өмір-дария
Ей, Адам!
Саған берілген өмір дегенің –
Басталған жерің, мұхит пен екі аралық.
Шөлдерді қанша суарып өттің – өмірге осы берерің,
Сондықтан алыс, алыстарменен қал ағып.
Бірақ та, бірақ аралап түгел Жер шарын,
«Қалам, - деп, - әлі көбірек қамтып, көп ағып»;
Арнаға сыймай, арындай аққан дер шағың
Зыр етіп өтіп,
Шөлдерде қалма жоғалып.
Таулардан ассаң,
Асқар асулар, кезең көп,
Сондықтан болар талайлар аққан даламен.
Сонда да Жерді аралап шыққан өзен жоқ,
Оларға-дағы тауыстырмапты бар Әлем.
Өзен көп аққан,
Бірі – Айбергенов Төлеген,
Қысқа, тым қысқа ол жүріп өткен аралық.
Тау өзеніндей ол жазған отты өр өлең
Болашақтарға барады бірақ әлі ағып!