08.08.2022
  110


Автор: Балта Қосбармақ

Жарқылдап өтем...

Өмірден мынау жарқылдап өтем,
Із қалмас, бәлкім,
Жарқылдан өзге артымда бөтен.
Себебі мұның өзінде ме екен өмірдің,
Себебі, бәлкім,
Қазақтың қайсар салтында ма екен?!
О, өмір!
Сенің шын атың – жойқын дария,
Сал қиыныңа,
Сал мені,


Сал тыңдарыңа!
Айырбасталмас талайдың алтындарына
Қалар ма екен артымда мұра?!.





Пікір жазу