Ер Шотан
Еліміз тәуелсіздік алған жалдарында қазақ халқының ұлттық болмысын, тілін, ділін, дінін, рухани құндылықтарын сақтау, жаңғырту, дамытуға деген белсенділігі артып келеді.
Жер бетіндегі қай халық болса да, өз тарихындағы бейбіт өмірді де, өркендеуді де, түрлі құлдыраулардан өткен. Олар халықтың жадында сақталып қалады. Бұл - халықтың тарихи санасы. Тарихи сана болмай, ұлттық сана қалыптаспайды. Ұлттық сана болмаса , ұлттық намыс та болмайды.
Біздің ұлттық намысымыздың ірі қадау тұлғаларының бірі Шотан батыр 1705-1786 жылдар аралығында өмір сүрген. Қазақ елінің іргесінің сөгілмеуіне, кең – байтақ аумақты сақтап, тұтас ел болуына елеулі үлес қосқан тарихи тұлға. Оның тууы туралы халық арасында төмендегідей әңгіме бар. Назардың ару жары Шотанның анасы Мақпалжан жерік болып, ауырғанда Бектеміс молда кітап ашып: «Жерік асы – жолбарыстың жүрегі екен», - дейді.
Есенғұлұлы Есекмерген бас болып, Мете мерген, Тоқтамыс Жарыұлы, Ақкете Әжібай, Беріш Есболайлар Арал алдындағы қамысты көлдердің бірінен жолбарыс аулайды. Назар батыр жолбарысты садақпен атады. Жыртқыш өзіне ұмтылған кезде оны найзасымен төстігінен іліп көтергенде, найза сабы морт сынып кетіпті. Сонда батыр сынық найзасапты жолбарыстың ашылған аузына көмейлете тығып, үстіне ырғып мініп алып, қанжарын жолбарыстың жұлынына ұрып өлтіреді. Сойылған жолбарыстың жүрегін шала қақтап, кәуап етіп жеп, батырдың жары жеріктігін басқан екен дейді. Содан жолбарыс жүректі ер Шотан туып, ол қазақ елін 70 жылға жуық қорғаумен өткен екен.
Халқымыздың бірлігі мен жеріміздің тұтастығы үшін бүкіл саналы ғұмырын арнаған жүрек жұтқан батыр, бүкіл кіші жүз әскерлерінің бас сардары Шотан батырдың жалынды бастап әкелген адай ру басылары Атағозы батыр. Өмір батыр, Шотан батыр, Асан бидің қолы болған. Содан бір жыл кейін 1786 жылдыңы қарашасында Орынбор билеушісі барон О.А.Игельстромға олардың өзге ру басыларымен бірге жазған хатында Жайық бойында көшіп жүрген адай ауылдарының Жаманқала бекінісі есаулынан көріп отырған зорлық- зомбылықтары айтылады.
Батырлардың тілегі, өтініші аяқсыз қалмаған. 1787 жылдың 8 сәуірінде Жайық бойында көшіп-қонуға рұқсат алған қазақ руларына ішінде адай Әлиқаран батыр Имантаев та бар, оларға 500 үймен Қаракөл маңын қоныстануға рұқсат етіліпті.
Тәуке хан ордасы тұрған Түркістан қаласына айнала Матай, Алтай, Төртқара, Адай, Шанышқылы, Шапырашты, Дулат сияқты жауынгер рулармен қоныстандырған болатын. Бұлар 18 ғасырдың (1709 ж.) басында жоңғарларды Іле басына дейін қуып тастауға тікелей атсалысты. Сол кездегі Алшынның аға батырлары: Беріште Ағатай, Адайда Назар, Шотан, Есенқұл, Сабытай батырлар болды.
Орыс тарихшысы А.Левшиннің айтуынша, қазақтар жоңғарлардан соққы жеп, ауыр шығындарға тап болса, Еділ бойындағы қалмақтардың, башқұрттардың және Жайықтағы қазақ- орыстардың үнемі шабуылына ұшырап отырған. Сондықтан да болар, өткен ғасыр басындағы қазақ зиялыларының алдыңғы легінен көрінген ғұлама ғалым Халел Досмұхамедов «Кіші жүздің
150 жылдай тарихы қанмен жазылған» деуі тарихи құжаттарды терең зерттеу барысында туған ой. Халқымызды қан қақсатқан жоңғар шапқыншылығы 200 жылдан аса уақытқа созылды. Одан кейінгі жалдарда халқымыз үшін оңай болған жоқ. Патша үкіметінің отарлау саясаты іске асып, ата-бабалар қоныстарынан безініп, бауырларынан айрылуға мәжбүр болды.
Шотан батырдың қолға қару алып, атқа қонған жылдары хан әулетінен шыққан сұлтандардың бірі, қазақ хандығын алғаш құрған Әз Жәнібек ханның жетінші ұрпағы Әбілқайырдың Кіші жүз қазақтарына 18 ғасырдың жиырмасыншы жылдарында хан болу кезімен қатар келеді.
Орыс патша үкіметі үшін Қазақ хандығын қаратып алудың стратегиялық маңызы зор еді, ол «барлық Азия елдері мен жерлеріне кірудің кілті мен қақпасы қазақ жері» деп білді. Сондықтан қазақ хандықтарын өздеріне бағындыру үшін небір жымысқы саясаттарға барып отырды. Мысалы, қалмақтарды, башқұрттарды қазаққа айдап салу, оларға қару беріп, алма-кезек қолдап отыру сияқты саясат жүргізді.
Шотан батырдың өмірінің орта тұсы батыстағы Еділ қалмақтарымен, түркімендерімен, Хиуаның сарттарымен болған туған жер үшін жан алысып, жан беріскен соғыстармен өтті.
Адай атам балалары Маңғыстау түбегіне көшіп келген суық күзде Назар үйіне кешке қарай жазылы нар мінген, сеңсең бөрікті,
ақ күміс сақалды, бейтаныс адам «Құдайы қонақпын» деп сәлем беріп келген екен. Жайғасып шай ішіп отырғанда, сыртта жүрген Шотанның қаттырақ шыққан даусын естіп, қонақ селк етіп қозғалады. Үйде қонақ барын біліп: - Ассалаумағалайкум! – деп Шотан есік ашып, үйге енгенде, қонақ тағы да қозғалады. Бұны байқаған үй иесі қонағынан: - Мына менің ұлымның сыртта даусы шыққанда, сіз қозғалдыңыз, үйге сәлем беріп кіргенде және селк еттіңіз, бұл жігітте не қасиет бар? – деп сүрапты. Сонда қарт қонақ:
-Даусында қаһар бар адам жанын шошытар, жүзінде суық ызғар бар қарсыласын қорқытар, - депты. Қонақ қарттың аңғарымпаз сыншылығына разы болған Назар басқа балаларына да қонағына көрсетіп, оның бағасын естиді, болжауын тыңдайды. Тастемір атты ұлын көргенде, қарт: - Көзі отты, жүзі қанды екен, күш-қуаты мол екен. Көа болып өсер, ұрпағы молынан болар, - деген екен.
Назардың үшінші ұлы Құдайбергенді көргенде:
-Өңі жұқа, енрі сүйір екен, сөзге үйір болар. Белгілі би шығар, - деген екен.
Назар кенже ұлы майланды көрсеткенде: - Көрінген затты уыстап жинап жүр екен. Жинақты болар, мал бітіп бай болар. Төрт түлігі түгел болар, - деген екен.
Оның айтқандарының бәрі кейін айны – қатесіз іске асқан
екен.
Үй иесі қонағы беймәлім қартпен бірге сыртқа шыққанбойда
қарт батасын береді де өзі де, түйесі де көзден ғайып болған. Сондықтан да халқымыз жары Назарды қыдыр көрген үш Назардың бірі деп санайды.
Бабаларымыз Маңғыстау түбегіне орналасып, қоныс тепкен кезде қоныс құтты болсын айтуға әрі батыр, әрі би байбақты Сырым келген екен. Елді асықпай аралап, туыстарының қонысына риза болып: «Әй, адай ағайындар, қоныстарың құтты болады, қойнауың малға толады, басың өсіп, бағың жанады, несібең басқа байұлы балаларынан ілгері болады», - деп бата беріпті. Сол ұлы бабаның батасы қабыл болып, Маңғыстау түбегі малы мен басы қатар өскен адай ата-бабаларына құт-қоныс болады.
Осы уақытқа дейін есімдері елеусіздеу қалып келген, ересен ерліктері ел есінен ешқашан өшпеген ұлы бабаларды келер ұрпақтарға өнеге боларлықтай насихаттауымыз, мадақтаумыз кем болып келгені де рас. Олардың есімдері ел аузындағы ауызша әңгімеде не болмаса жыршылардың жыр-дастандарында ғана
аталып келді. Оның себебі де бар. 70 жылдай үстемдік еткен идеология, қызыл империя қасиетті бабаларының атына айтқан мақтау сөз иесін ұлтшыл, рушыл, ескі өмірді көксейді деп айдар тағуға даяр тұрғаны да рас. Оған ауыл маңынан табылатын жандайшаптар оның бояуының қанды, қою болуына өз үлестерін қосқаны да құпия емес. Бұрынғы Одақ көлемінде Қазақстанның тарихы пышақтың қырындай шағын болса, ал Маңғыстау өлкесі туралы ұзақ жылдар жапқанда аузы ашылмай келді. Соның бір мысалы, Абылай ханның атақты баһдүрлері болған Шотан, Жанақ батырлар.
91 жасында (2005 жылы) дүние салған ұлы бабалардың жұрнағы Ысқақ Шәкіратов ағамыз өзінің «Маңғыстау маңғаздары» атты кітабында тоқсан жасына таяп қалған шағында шежіреші Сасықбайұлы Қали қарттан жазып алған жырынан үзінді келтірейік:
Қалың қазақ қаптаған қапыда өлді, Қазақ елі жоқ болу күні төнді.
Деп Абылай хан, Бұқар жырау Үш жүзге бірігуге хабар берді.
Кіші жүзден қол бастап, Жанақ батыр келді, ИіліпАбылай ханға сәлем берді.
«Жоңғарға ес кетіре соққы берер,
Үш мыңдай өңшең батыр келді», - деп.
Жанақ батыр «Адайлап» алға ұмтылды, Жоңғарлар шыдай алмай қан жұтулы.
Өліктерін қалдырып, мыңдап-мыңдап, Өлімсіреп қалғаны тұтқын болды,
Абылай хан шақырды батырларды, Бұқар жырау, тағы да ақындарды; Жанақ батырды оң жағына отырғызып, Той жасап, талай күн мен таң атырды.
Қалмақ ханның сұлу қызын Жанаққа сыйға беріп, Ерлігін басқалардан артық көріп,
Батырымсың ақ алмас артық туған, Деп құшулы Абылай хан тақтан тұрып.
Осылай Адай ортасына келген қалмақ қызы Таңсық шешмізден Есен мен Кенженің ұрпағы тарап, іргелі ел болғаны аян.
Шттан батырдың үш жүз жылдық ұлы тойы – тойлау үшін де, ойлау үшін де керек. Сол ұлы бабалардың үлгілі істері тек тарих үлесінде ғана емес, біздің бүгінгі қажетімізге де жарайтынын естен шығармайық. Ендігі айтарымыз: Шотан баба және ұрпақ тәрбиесі төңірегінде болады.
Бүгінгі Қазақстан өз тәуелсіздігінің екінші онжылдығында дербес мемлекет болу бастау көздерінің бірі – бұдан үш жүз жылдай бұрын қасық қаны қалғанша күресіп, шыбын жанын шүберекке түйген, жұмыр басын бәйгеге тіккен ұлы бабалардан бүгінгі ұрпақ ұмытуға тиісті емес.
Бауыржан Момышұлы ағамыз бір отырыста мен туралы елу кандидаттық және он докторлық диссертация жазылады деген екен. Сол айтпақшы, Шотан және басқа да қасиетті ұлы бабаларымыз туралы да талай көркем туындылар, ғылыми еңбектер жазылатынына сенімім мол. Міне, сең қозғалады, халықтың бұла күшінің, творчестволық жігерінің көзі ашылды.
Кешегі Абылдың «Құлбарағы», Қалнияздың «Ер Қармысы»,
«Балуаниязы», Нұрымның «Тоғыз ауылы», «Ақтанның «Ерлік жыры», Қашағанның «Атамекені», Сәттіғұлдың «Досан батырына» бүгінгі «Хан кегі» дастанын жазған Светқали Нұржанды, батыр бабаға арнап «Ер Шотан» атты тарихи – шежіре, дастан-кәтап шығарған Қаржаубай Рейімбайұлын, ұлы есімді өзінің «Шотан батыр» атты тарихи хикаятын арқау еткен Жоламан Айдарбай, «Бас сардар» кітабын жазған Бектұр Төлеуғалиевты, т.б. қосамыз. Бұлар
- шотантануға қосылған елеулі үлес. Ол өз кезегінде қазақтанудың үлкен бір анасы болмақ.
Шотан батыр есімін ел жадында мәңгі сақтау мақсатымен әр кезде лауазымды тұлғаларп алдына және баспаөз бетіне мәселе көтеріп жүрген сәулетші Сайын Назарбекұлы, батыр ұрпақтары Сламғали Қартбаев, Қаби Сүйебаев, Үсен, Құлбас Сардарбековтер ұсыныстары да ел қөңілінен шығады.
Өркениетті Европа елдерінде «жазба деректерсіз тарих – тарих емес» деген қағида орнығып қалған. Түптеп келгенде, мұндай ұғым
- қазақтардың тарихын, халықтың өзі туғызған төл туындыларын жоққа шығару. Бұл – біз келісе алмайтын бағыт. Ел өмірі халықтың жадында сақталып, оның мәңгі махаббатына айналса – басқа қандай дәлел керек. Жақында Қазақстан тарихшыларының қауымдастығы құрылды. Оның ең алғашқы өткізген шараларының бірі – Оңтүстік Қазақстан облысында өткізілген «Қазақстан тарих
айту, сақтау дәстүрі және оны жаңғырту жолдары» атты халықаралық конференциясы болды. Еліміздің талай құйма құлақ, естігені көп, түйгені мол қариялардың таңды таңға ұрып айтқан көңілге қонымды, мәліметі мол мұраларын естіп өстік. Әсіресе, Маңғыстау өлкесінің ғажайып тарихы туралы мол мәліметті кітап, оқулықтангөрі сол абыз ақсақалдардың әңгімелерін көп естідік. Шежірешілер тізімі Қали Сасықбайұлы, Медет Еңсеп, Түмен Балтабасұлы, Айым Атшыбай, Тоқабай Алқам, Алшын Меңдалыұлы, Жылқыбай Келжанұлы, Тоқтамыс Өрісбай, Жанақ Бүркітбай, Рахмет Қаржаутегі, т.б. болып жалғаса береді.
Сондықтан, тарих айтуға ерекше мән беретін уақыт келді. Университеттің тарих факультеттерінде «тарих айту және сақтау» мамандарын даярлау, республикалық, облыстық мұрағат орындары
«тарих айту және сақтау» қорлары ұйымдастырылуы қолға алынбақшы. Жергілікті теледидар, баспасөз беттерінде осы ұлы бабалар туралы циклді хабарлар ұйымдастырылғаны абзал. Ол, әсіресе, жас ұрпақ үшін қажет шаруа. Бұл жайлардан хабар бар аға ұрпақ өкілі «Ой, естіген әңгімеміз ғой» деуі мүмкін, ал бұл әңгімені естімеген, қаулап есіп келе жатқан ұрпақтың оны естуі, үлгі алуы қажет-ақ.
Ораздының баласы он бесінде баспын дейді, Қыраздының баласы отызында жаспын дейді, -
дейтін әңгіме бар. Кейде жиырмадан асып арақ ішіп, темекі тартып, ләйліп жүрген інілерімізді көргенде, батыр бабалар өмірі ойымызға еріксіз оралады. Қонай мен Шотан батырлар (екеуі құрдас болған) он үш-он төрт жастарында соғысқа қатысып, ерліктерімен ерекшеленген. Төлеп батыр айтқандай «белгілі ерден Бегей бар, он бес жасар Шабай бар» деп жырланады. Шабай батырдың ерлігі он бес жасқа дейін белгілі болған.
Және бір мысал айта кетейін. Абылай 1711 жылы туылып, он бес жаста Сабалақ есімімен Төле бидің түйесін бағып жүрген ол атақты батырлар Қабанбай мен Бөгенбайлардың тобына қосылып, жоңғарлармен шайқасқа қатысады. Екі жақтан да жекпе-жекке батырлар шығады. Жоңғар батыры қазақтың он бес батырын өлтіреді. Он алтыншы болып шыққан Сабалақ жоңғарбатырын өлтіріп, қазақтар жеңіске жетеді. Содан бастап ол Абылай деп аталады.
Бүгінгі мектеп оқушылары, жастар Шотан сияқты ұлы бабаларының ұрпағы, мирасқорлар екенін сезіп өскені абзал. Батыр
бабалардың бүгінгі ұрпақтарына ұсақ-түйек емес, ірі елдік шаруаларға барар тұлғалық бағыттағы патриоттық – елдік тәрбие керек. Аздырар арақтан, тоздырар нашадан, кісіге қол көтеру сияқты бекзаттық болмысқа жат істен іргені аулақ салар салауатты ұрпақ тәрбиесі ауадай қажет. Батыр бабалардың жүректі азамат, ақыл иесі, ел тағдырына қабырғасы қайыса қайғыратын адал перзент, көреген қол басшы болғанын, үлгілі істерін талмай қайталап үнемі атып отыруымыз қажет. Әрбір американдық өз балаларына америкалық екенін күніне бір мәрте ескертіп отыруды өздерінің әкелік парызы санайды.
Заманында Ата Түрік былай деген «түрік баласы, сен түрік болып туғандықтан да бақыттысың. Түрік азаматы, сен Түркияда туып, түрік елінде тұрғандықтан да бақыттысың».
Ардақты ағайын, сіздер мен біздер жастардың туған елге, ата- баба мекеніне деген перзенттік ықыласын оята алдық пе? Ойланайық.
«Шотан батыр» қоғамдық қоры құрылып, Шотанның жоба суреті салынған. Сисем-Ата қауымдығында Шотан батыр қабір басына ескерткіш қойылды. Тарихын ұмытпаған, бабаларын ұлықтаған батыр ұрпақтары банкте есепшот ашып, 2005 жылы Шотан батырдың 300 жылдық мерейтойын атап өтті. Тарихтың алмағайып сәттеріндегі жаужүрек батырлығы, елді ортақ мүддеге топтастыра білген тұлғалық қасиеті Шотанды бір өлкенің, бір рудың деңгейінен шығып кеткен ұлттық деңгейдегі тұлға екендігін көрсетеді. Сондықтан да, ол – еліміздің тәуелсіздігі үшін арпалысқан Қарасай, Наурызбай, Ағыбай, Қабанбай, Райымбек сияқты батырлармен қатар тұратын тұлға. Осы ойымыздың дәлеліндей, Москвадағы Сыртқы Істер Министрлігі жанындағы дипломатиялық істер жөніндегі мұрағатқа «Қазақ – Жоғар соғыс істері» бөлімінде жоңғарлармен бастан аяқ соғысқа қатысқан Қазақ батырларының тізімінде Шотанның есімі Қабанбай, Бөгенбай, Бөкенбай, Малайсары, Райымбек батырлармен қатар аталады.
«Ел үшін өлген ерлердің сөз білген жанда хақы бар» деп ақын Ығылман Шөрекұлы айтқандай, ұлы бабалардың ерлік істерін насихаттау бұл бүгінгі атқа мінген азаматтардың қамдар шаруасы ғой. Некеге отырар жас жұбайлар Шотан баба ескерткішіне барып тәу етіп жатса, жас өскін өзінің Шотан көшесінде тұратындығын, Шотан атындағы мектепте оқитындығын мақтанышпен айтып жатса, бұл ұлы баба аруағының ортамызға оралғаны емес пе?!
Облыс орталығында батырлар аллеясы ашылып, онда Қонай батыр, Ер Төлеп, Ер Қармыс, Ақпан, Есболай, Атағозы, Бердібек, Балуанияз, Құлбарақ, Лабақ және т.б. дара тұлғалар бейнесі бүгінгі ұрпағын аруақтарымен желеп-жебеп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді.