07.08.2022
  629


Рымбек Нұрайым Айтболатқызы

Атам мен Әжем

Қалап тұрып Ірге тасын  салып кеткен,


Түп тамырын біздерге жайып берген


Сағындық қой асқар тауымызды ,


Орны бөлек басшымызды .


 


Аташым бүгін міне киелі күн ,


Жиналып отыр дастарxанда бар ұрпағың.


Қу өмір кеткенімен алып аспанға ,


Мәңгі бақи қаласыз сіз жанымызда.


 


Тең келмес асыл адам болған еді


Атама қарап бой түзеуші ед өзгелері .


Мақтан-тұтар жандардың ең биігі ,


Ол біздің әулетіміздің түп Тамыры .


 


Ау,ата тұрсыз ба қарап сіз бізге?


Білемін көріп тұрсыз әжеммен қоса бірге ,


Тамырыннан өсіртіп берген ағаш


Күннен күнге жайқалып келед міне.


 


Ата,әже уайымдаушы едіңіздер әрдайым ,


Қалай екендеп балаларым ?.


Тәтті ұйқысын төрт бөліп жан әжетай ,


Ертеңгі күнді ойлаушы ед әр түн сайын.


 


Тартпасына ақшасын жинауменен


Жүрген ед аш қалмасын деп  балдарым,


Құрақ көрпе әр қызына тігіп беріп,


Кетерінде оныда  ойлап  кеткен.


 


Ақ жилеттің қалтасында әжемнің


Жүруші ед 2-3 кәмпит әрдайым..


Болушы ед ерекше дәм соларда,


Қолымен берген әр-қайсында .


 


Туысымен қоса көршісін де ойлайтын ,


Жүректері кең еді бұл жандардың.


Айта берсем бітпейді ғой істері игі ,


Әр жанның есінен кетпейтұғын.


 


Қатал тағдыр  алып кетті ұйқыға бұл жандарды


Сағындық қатты біз сіздерді ..


Балам-ау деп еркелеткен  сөздерінде,


Сезіндік қой ұшаң-теңіз  жылулықты.


 


Ата ,әже келеміз міне біздер өсіп,


Сіздер берген тәрбиемен өніп жетіп. Алғысымыз сіздерге деген шексіз,


Жүрегімізде ойып тұрған  орындасыз .


 


 


 


 


 


 


 


 


 





Пікір жазу