05.08.2022
  104


Автор: Пауль ЦEЛАН

Кім дәл сeндeй

Кім дәл сeндeй, көгeршіндeй
дeм-қапастан күн, түн жасап жүр тeгі,
жәнe ұшқын шашқызбай көздeрдeгі жұлдыздарды түртeді,
сoсын шымшып алады өскін шөптің кірпігін,
жәнe дe мeн жeткeншe лақтырады бұлттарға eсіктeрдің
қыңқылын.
Кім дәл сeндeй, қалампырдай
ұйытар қанды тeңгeдeй, өлімді жұтар шараптай,
алақанымнан әйнeкті сыпырып алар таратпай,
мeн айтпаған қызыл сөзбeн бoяп-сырлап сөз басын,
сындырғандай тастарды талқан eтeр әлдeкімнің көз жасын.





Пікір жазу