02.08.2022
  333


Автор: Бесінбай Бегеніш

АҚЫННАН ҚАШПА АҒАЙЫН

Шалдар – ау шәлкес тақымда,
Тұмандау көңілі ақыл ма.
Желпінген мынау желөкпе
Ұрынып кетті-ау ақынға.
Шындықты жырлап тұрғанда,
Шорт кесті тұсау туғанда
Көре алмай жатты күңкілдеп,
Кітабын ақын жуғанда.
Айдын көл емес , көлмек көп,
Ақылдан жүрміз мелдектеп.
Тыныштық берсе жарар тек
Жатқанда жайлап көлбеп кеп.
Өкпе емес назым туғанға,
Болса да күңкіл – жүр маңда.
Іздейді екен жан – жағың
Үш жерден сені буғанда?!





Пікір жазу