02.08.2022
  388


Автор: Бесінбай Бегеніш

ҰЛЫ АХАҢ РУХЫНА АРЫЗ

(АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВҚА)
Тілдегі шыңым едің асқаралы,
Қопарып талай істі тастар әлі.
Ұлы Аха, қайта айналып енді келсең,
Көрер ең тілдегі бір масқараны.
Сөздердің көбейді де бұзықтары,
Бүлдіріп сөйлегенді қызықтады.
Барлығын кемшіліктің жіпке тізсек,
Әлі де толып жатыр «қызықтары».
Бермеуші көбейді ме сөзге мәнді,
Өзің айтқан сөздерім кенжеленді.
Сарғайып парақтары ұмыт болып,
Сен жазған «әліп-биің» теңде өлді.
Бір ғасыр барлығын да көздеп едің,
Ұйқыда жатқандарды «ез» деп едің.
Шұбарлап тілімізді бұзып алдық,
Білмедім енді қалай өзгереді.
Көбейді пысықтарың ой алдаған,
Жемқорлық, ұрлықтарды қоя алмаған.
Ал тілде ұйқылы ояу қазағыңыз
Шаққанда «Масаңызға» оянбаған





Пікір жазу