02.08.2022
  101


Автор: Бесінбай Бегеніш

КӨРПЕ ОРАЗМАҒАНБЕТ АХУН ТУРАЛЫ ТОЛҒАНЫС

Қоңыр қаз ұшты төрімнен,жан-жақты әбден байқап-ап,
Жігері жасып, торыққан. Құтылса басын қалқалап,
Бақыты еді елімнің, қиямда шалқып қалықтар,
Аққудың даусын қайталап...
* * *
Кейбіреуде түсінбестік керең бар,
Білімпазда шыңыраудай терең бар.
Жаратқанның жұмбақ сырын шешуге
Шым-шытырық, шаман келмес, өрең тар?..
Баурап алып кетер кейде ыза-мұң,
Кеуде керген шерлі өкпе,қызамын,
Мұздай тәтті шыңыраудың бал суын
Кезең екен «У ішкендей бұзамын».
Бір шыңырау жер бетінен жойылды,
Болмаса да бітелгенде тойымды.
Құдық, орпа тек ызалар көбейіп,
Сан-сапатқа алып қашты ойымды.
- Жауың кім? – деп сұрақ қойдым қиялдай,
- Қазақ қой – деп жауап берген ұялмай.
Қазақ жауы – қазақ болып кезінде
Дүниеден өткен солай, ой Алла-ай!
Сүймеді «мен білемін!» «білеміңді»
Түсінбейді ақ ниет, жүрегіңді.
Жаяу жүріп тау-тасын араладың
Еңсесін көтерем деп, түбегіңді.
Армандадың , өмірге ғашық едің,
Шырақ-шам тұтатуға асық едің.
Әттең, тәйір көре алмай соларыңды,
Өзіңді тұтқындады «пасық ерім?!»
Жақсыны көре алмаған жасық елім,
Жоғалтып алғандай – ақ оған сенім,
Қысылтаяң күндерде ұстап беріп,
Сыймады маңдайыма асыл ерім!
Ағылшын,орыспенен тілдескенде,
Торитын маңайыңды күндес күнде.
Күнге бағар сұр жылан жиырылып,
Тұтатқан қызғанышты жатып інде!
Сол қазақ Шағадамда мадақталды,
Төбесі көкке жетпей аз - ақ қалды.
Ғалымды тұтқан үшін кілем алып,
Сыйға алған арғымақпен адақтады.
Сол қазақ жолай жүріп Сенек келді,
Мақтанып, көкірегін кенеп келді.
Түс мезгіл шәй үстінде отырғанда
Жұрт көрді мақтаншақ бір «желөкпені»
Үй иесі: денем ысып, қызам, - деді,-
Жолаушым, жетіп жатыр ызаң - деді, -
Ал қазір үйді босат, жолыңды тап,
Болмаса, ауызыңды бұзам! – деді.
Қатесін өрелеспей ұққан екен,
Еліне айдау жолмен зытқан екен.
Барғасын Ұштағанға үш айдан соң
Оны да бір қазақ кеп тұтқан екен...
* * * * * * *
...Жыламсырап артыңда Жылқыайдар дөңі қалыпты,
Қандай ілім күйттедің – біз білмей жүрміз анықты.
Мұрагерлік ұрпағың мүрдеңді іздеп таба алмай,
Қаншама көңіл налытты...
Ойда жоқта кездесіп, аң аулап жүріп қақпанмен,
Сарғайған кітап жасырған Сахардың тауын тапқанмен.
Жетімек көңіл жасқанып, ойдағы асыл шындықты
Дәріптедік деп мақтанбан!..
Біздің дүлей ғасырымыз хабары болмай ертеңнен,
Жинақтады кітаптарды «шығарам – деп - бір теңнен»,
«Құжаттар мен қолжазбалар енді кімге керек?» деп
Мәңгүрттікпен өртеген...
Кінәсін тағып өлгенше, артынан шешім қалдырған.
Өтті осындай кезеңдер, дүние деген сұм жалған
Айта алмадым шерменде,басымыздан қаймығып,
Болсақ та шешен майталман!
Барыпсың ау қызылсудан – стамбұлға төтелеп,
Сен бармасаң Бұқара мен Бомбейге де бөтен ек.
Алғаш рет атағымды алып ұшқан қазақтың
Еңбегі қашан өтелмек?..
Алды-артыңа топылып, тіріде көзге мақтаған.
Өзіңмен дәрмен кеткенде, шығарып көрден даттаған.
Осындай кебін кейгеннің талай өтті арадан
Тәубе етемін Аллаға – бір Өзің одан сақтаған!
Қызылсу- мекен- бұлағың сықылықтап ағатын,
Мал суарып бірінен,басқадан жайын табатын.
Таба алмай қалдық адасып бір бұлағыңды өзгеше
Жарағы ем деп жағатын...
Өзің салған мектептің мал қамадық ішіне,
Кір-қожалақ қалпымен кіргенде болар түсіңе?!.
Есіміңді қайта ескеріп , бір орынға бере алмай,
Солақайлық көп ісімде!..
Кермиықтай керілген кертақтайды айтыпсың,
Тыңғиық сырды жасырған – Қарашықтан қайтыпсың.
Тапқан да жүр қуанып, танығанды білмедім,
Келмесең өзің қайтып шын...
Ақшулан бұлты қонақтар тауларың бар артыңда,
Жалаңаяқ сен кезген соқпағың жатыр қалпыңда.
Инабатты сыр айтар сен туралы жалықпай,
Азайып кетті қартым да...
Қанша қақсап айтқанмен,өзгерген-ау салтым да,
Өзгеріс бөтен керек-ау құрмет тұту нарқында?!
Ойлансам,мен де түйсінем – алып келіп жасықты,
Алмастырдық алтынға!..
Қысы-жазы жайлаған Қызылсу – ата қонысың,
Қонақ болған өзіңе ағылшын мен орысың
Қатер төніп басыңа, екіталай күн туғанда,
Бермеді әттең қол ұшын...
Адам деген осындай алдамшы сәуле иесі
Естілер көп өмірде жоғалмайтын түйесі
Ерте ме, елде, кеш пе екен – қияметте тазарар
Пенденің жала-күйесі!..
Кикілжің пәле басталған Абыл менен Қабылдан
Бұйрықтан шығар сізге де ашхабаттың маңынан,
Топырақ салып қабірге, мауқымды кейде басуға
Жабырқап көңіл налыған...
Сыр тарттым ба әлдебір саябырсыған бұлақтан
Мұңайдым ба тағдырға дәріптей алмаған ұяттан?
Тілеулес болып өзіңе қайталай берем күбірлеп:
«Жай тапқай жаның жұмақтан!»





Пікір жазу