02.08.2022
  144


Автор: Бесінбай Бегеніш

ӘКЕ ТОЙЫ

(Сырлас замандасым Сырымға)
Ауыл тыныш. Елдің көңілі жайланып,
Жатыр , міне, әке тойы тойланып
Кейінгі топ тамсанып та қарайды,
Өткізсек деп осындай той ойға алып.
Дария көңіл кемер асып төгілді,
Атап өтер , мәнді еткізсе өмірді,
Алпысыңды ері ауыздықтап мінген соң,
Қасындағы қосағыда көңілді.
Әке тойы ортақ болсын баршаға,
Қызықтаудан, тойлаудан да шаршама.
Тойлата алмай қызық көрмей өмірден
Қош айтысып кетіп жатыр қанша аға!?
Ей. Ұлдарым! Тойлай алмай біз әкені бергенбіз,
«Тәйт» деген сөз ести алмай келгенбіз
Бала ерткен әке көрсек қимастай
Жалтақ-жалтақ артынан да ергенбіз.
«Тәйт» - дегенім біле білген ырысың,
Оны естімей өткен күнің құрысын,
Ұрысты деп есепте ме ұлдарым,
Сол дауыспен бітіп жатыр ұлы ісің.
Осы әке ғой ұл туды деп мақтанған,
Тимегей деп сұқ көздерден сақтанған,
Шілдехана , сүндет тойға шақырып,
Жадырап бір көңілі өсіп шаттанған.
Сол әкелер біз боламыз ал бүгін,
Көтереміз әке ұрпақтың бар жүгін.
Әкелерді аттандырып майданға,
Әке десе қастерлейміз ай-күнім.
Ақ дастарқан әкеге арнап жайғандар
Менде осылай үлкейем деп ойлаңдар
Ұрпақтардың жалғастығы әрқашан
Ерінбеңдер, әке тойын тойлаңдар.





Пікір жазу