02.08.2022
  95


Автор: Бесінбай Бегеніш

ЖЫЛАУЫҚ ШАЛ

(Өтекең мен Мәтекең ақсақалдар рухына)
Ақсақалдар қалдырмайды қатардан,
Бірақ өзі «жылауық шал» аталған.
Таң азанда тұрып алып әр үйден
Амандасып,үзіп алып татар дәм.
Аман өрсек қуанып кеп қалады,
Келесі үйге осы көңіл жаңағы.
Қараша үйдің барлығында аралап
Өз үйінен шәй ішіді манағы
Жайсыз хабар естісе егер құлағы
Мұңаяды , баса киіп тымағын,
Аят оқып, күбірлейді ішінен,
Кідірте алмай,жас домалап тынады.
Кейде күндер батып жатыр арайлы,
Әлгі ақсақал тесе соған қарайды,
Тізерлеп ап күнге қарап егіліп,
Төгіп жасты , оғанда бір жылайды.
Үлкен екен әлгі қарттың жүрегі,
Сияқты өзі осы ауылдың тірегі,
Тосын жайсыз оқиғаның кезінде
Әлгі жазған өз-өзінен жүдеді.
Кейде оралып келіп жатса сапардан,
Хабар алған жылауық шал аталған,
Марқұм болды хабарсыз боп біз қалдық
Кетерінде бар ма біреу бата алған.





Пікір жазу