02.08.2022
  102


Автор: Бесінбай Бегеніш

Тереңнен сырды суырып...

Тереңнен сырды суырып,
Жүректің қылын қозғау бар.
Жанары жаспен жуылып,
Боздау, боздау, боздау бар.
Шерлі жүрек,өкпе жел,
Құмарын боздап таратқан.
Боз үлек тектес боздау нар,
Жар бол,-дейді, -жаратқан!
Сағағын үзіп барады,
Енесін тез-тез емді де.
Жан-жағына қарады,
Боздағысы келді ме?
Тұлыбына келіп еміренген,
Мұңайып , көңіл қозғау бар.
Сары дала сазы күңіренген,
Боздау,боздау,боздаулар?!





Пікір жазу