02.08.2022
  114


Автор: Бесінбай Бегеніш

Тарттырып-ап қыл арқанмен төстабан...

Тарттырып-ап қыл арқанмен төстабан,
Сен едің-ау көшімнің алдын бастаған.
«Қайырлы қоныс,көш көлікті» дегізіп,
Кездескенбіз сулатып талай тостаған.
Қоңыраулатып, сілкінтіп дала, жол бойын,
Ыңырсып, боздап, еміреніп тура өн бойың,
Қандырып шөлім, даламның жүгін тасысаң,
Жібімес қалай қанша бір қатты тоң мойын?
Сетік нарды түсімде көрем алды асқақ,
Нар мая, атан, бал қоспақ...
Шанжау-шанжау шырылдақ інген боздаса,
Болашаққа іздерің қалай жалғаспақ?
Құсады екен шашырап, жынға шашалып,
Қаншасы кетті қуырдақ болып жасалып?
Үй артында тіздеулі көрт бақырса,
Көрініп тұр қалғаны азған – осы анық!





Пікір жазу