02.08.2022
  378


Автор: Бесінбай Бегеніш

ТҮЙЕ, ТҮЙЕ ТҮЙЕЛЕР

Ұры мен бөрі қаптаған,
Кешегі менің далам-ай!
Қасқыр тартқан құлындай
Бүгежектеп балаң ой.
Маймақ бота, сығыр көз
Аң-таң болып қаламын ,
Еститінім қызыл сөз,
Алданғандай боламын.
Жабуы ауып барады,
Тұсау қиған тірсектер
Қожайын үйден қарады,
Тұсалғандай бүрсектер.





Пікір жазу