ШАБАНДОЗ МИЗАМ
Жылқы өсірген Сейсенбай арғы бабадан,
Шабандоз таныс солардан бізге тараған .
Өз әкесі Сүйендік пен Жүсіптің
Бәйге аттары жараған.
Сабағын тартқан жылқы сүйер тұқымнан,
Асауын мініп,тулатып, талай тұқырған.
Бұрыннан да «бәйге бала» атанып,
Жері жоқ-ты ұтылған...
Намысқа шабар,айқайды сүйер ат қайда?
Атадан қалған «Ар үшін» деген хат қайда?
Ер намысын атпенен талай қорғаған,
Пырағың бүгін таппай ма?
Сары қызыл ат құлағын кеше тіккен-ді,
Көптен бері сүргін жүріс күткен-ді,
Табаны қызып , армандап та кететін
Ащы терін төккен – ді...
Тер шығып міне шабысын түзеп жануар
Сөйлесер атпен үстінде сырлас жан ұғар.
Тіресіп желмен , кезерген ерін жарылған,
Талмаған құрттың дәмі бар.
Белестен – белес лезде оған жетесің,
Үстінде атпен біртұтас болып кетесің.
Қысылған тақым атының біліп тынысын,
Шабылған пырақ өзің болады екенсің?!
Қапталда төбе қалып жатыр дөңгелеп,
Қалауға тіпті хақын жоқ! Боласын тек елгезек,
Әке айтқан ақыл жылжып өтер таспадай,
Ал, бердім бір кезек...
Ақ жолда бол, құлағың сал, шырағым,
Адайдың атын шығарған – осы пырағың!
Жауыңнан қорғап, шаршасаң, аяқ суытып.
Шөлдесең-қанар бұлағың!
Қаламын деп те озамын деп те қапылма!
Бағыңды сынап, шабысқа қатыс жарқылда!
Атпенен бірге көп нәрсе бар тақымда!
Тақыммен сырлас,тынысын біліп атыңның.
Осыны ұқшы мақұл ма?
Кеудесін сығып, тебініп қатты,
Қалдым-ау деп қысылма!
Денеңді иіп, еңкейіп атқа,жақында жүрек тұсына!
Сезімін қозғап, тілдесе білсең, айналар бақыт құсына!
«Қатты кетіп, бармағайсың егеске»-
Ақыл айтқан ағалар өткен кеңесте,
Әкелер мен ағалардың ақылы мен нақылы
Адамзат сынау емеспе?
Бүгін, міне , биіктей түсті бар қырат,
Сары қызыл аттың маңдайы жанды-ау жарқырап,
Ат үстінде шабандоз Мизам – әкесі
Теңселіп кетті қуаныштан шалқып-ақ!
Көп халықтың көңілінде құпталық,
Қақпақылдап, көтеріп кетті көп халық.
Төбесі көкке бір елі жетпей қалғанда
Көз тимесін!-деп сұқтанып..
Жалғасып жатқан бабалар жолы осындай,
Қалайша қалам қуаныш топқа қосылмай?!
Алға түсер азамат пен атыңды
Шығарған елім тосылмай...