02.08.2022
  140


Автор: Бесінбай Бегеніш

СӘЙГҮЛІКТЕР

Еншілес түлік
Жұптасып өткен сыңарым,
Түсініп сені
Сырласымдай ұғармын.
Қанатын қағып
Биіктерге ұмтылса
Азамат атын шығардың!
Бойкүйез көңіл
Құрыстап денем жазылмай,
Тұрғанда сенсің
Күш құяр әуен сазындай.
Көңілдің кірбің
Бұлттарынан сергітіп,
Қарайсың-ау сұлудың әсем назындай.
Ауаны тіліп
Желдерді талай ескенің
Сонда сенің шұбырып келіп,
Үдере кейде көшкенің.
Ақын жаны атқа құмар қашанда,
Жатып тұрып тілейді
Сәйгүліктердің өскенін.
Сені көрсек
Алып ұшып кететінбіз желігіп
Саған мінсек
Қашық емес сияқты еді серілік.
Сені мініп жауларымен шайқасқан
Бабаларым көрсетіп бөрілік.





Пікір жазу