02.08.2022
110
Тұлпарлардың тұяғымен жазылған
Төсінде далам
Тұяпен салған сан әріп,
Қатқылға қадап.
Жазғанын қара аңғарып,
Сүрлеу, соқпақ,
Айдын жолдың бойымен
Оқимын мен таңғалып.
Қара жер тесіп
Тасқа да түскен таңбасы.
Даламнан барып
Іздерін соның аңғаршы.
Тарпаңдар мен
Құландардың тұқымы
Біздерге жеткен жалғасы.
Соларды көріп жазбаған
Мен де ұятты ем.
Іздері қалған ошақтай
Болып ойылған
Басылған жерге тұяқ тең.
Даламнан оқы
Қалдырған сонда жазулар.
Шың басында да
Киік қамау қазу бар
Үстірттің аңын
Иіріп бағып қамаған
Ал енді одан озыңдар.
Аласапыран айқасқа
Шықсақ сан қырдан
Сан тұяқтар шаң қылған.
Сары далам толы жазулар
Ай тұяқтар қалдырған...