02.08.2022
  230


Автор: Бесінбай Бегеніш

ТАРИХ ТАҢБАЛАРЫ

...Тарих бар әріден бәрін қозғаған,
Тақырып бар ақындар әлі жазбаған.
Бекініс, көмбе, қорғандар бар,
Археологтар әлі қазбаған...
Адасқан бар жапа шеккен далада,
Қарауыл бар көзін тіккен қадала.
Қанша сыр бар, қанша мұң бар
Дөңдегі жалғыз молада...
Ару да өткен көз жасына бұланған,
Жүйрікте өткен оза шапқан құланнан.
Таусыла алмас, бір әңгіме қозғалса
Балуанияз мінген Құлаңнан.





Пікір жазу