02.08.2022
  146


Автор: Қазданбай Қосжанов

VІ-ӨЛЕҢ

Көктем өтіп, жаз шығып,
Тал боп өсіп жас шыбық.
Гүлдей берді жайқалып,
Жүрегімде жақсы үміт.
Өзің болып арманым,
Арналды ғой бар жалын.
Өз есімің құрап тұр,
Жырдың сұлу тармағын.
Өзің ең ғой гүл еккен,
Сағындырған, жүдеткен.
Махаббаттан аттама,
Аттамашы жүректен.





Пікір жазу