02.08.2022
  112


Автор: Қазданбай Қосжанов

САҚ БОЛЫҢДАР, АДАМДАР!

Тереземнің алдынан күнде өтеді балдақты,
Асықпайды ол, аяқтарын нық басады салмақты.
Сықырлайды протездер – ағаш аяқ батпандай,
Мен тыңдаймын, ол соғысты қарғап бара жатқандай,
Соғыс, соғыс! Ағартты ғой талай қара шаштарды,
Еңіретті кәрі әжені, қарт әкені, жас жарды.
Біз шошыдық түсімізден, бұлттан тұрды қан тамып,
Сонда әкені, жеңіс күнін, бейбіт таңды аңсадық,
Сонда да біз өмір үшін арпалыстық, қой бақтық,
Амал нешік, жетім үйдің баласын да ойнаттық,
Сұм соғысқа тәтті шақты – балалықты ұрлаттық,
Үлкендермен қатар жүріп, маңдай терді құрғаттық.
Кей ағалар сүймей кетті жаңа түскен жас жарын,
Көрмей қалды өз әкесін менің тұрғыластарым.
Соғыс, соғыс! Талай үйдің шаңырағын күйретті
Ал біздергс тыныштықтың қымбаттығын үйретті.
Қан майданда өлгендердің орнын мәңгі жоқтатпауға, жарандар,
Ұрпақ қайғы шекпеу үшін, сақ болайық, адамдар!





Пікір жазу