02.08.2022
155
ӨЗБЕК ДОСЫМА
Есіңде ме алғаш біз
Осы бақта таныстық.
Мен қазақ, сен өзбекше
Сөйлестік, қол алыстық.
Ағаш сая өзбектің
Айлы аспанын шатыр қып,
Бақытты сол бір таңды
Осы жерде атырдық.
Кей сөздерге түсінбей,
Қала бердік іркіліп,
Қызықтадық балаша
Бірді айтып, бір күліп.
Не кінә бар, айтшы өзің.
Бұл сөз деген шіркінде.
Жақсы екен ғой жүректер,
Сөйлей берсе бір тілде.