02.08.2022
107
КҮТКЕН КҮН
Ерке жел еркелете сүйіп беттен,
Күн нұрын мейірлене төгіп көктен.
Жаңа бір ізгі бақыт хабаршысы,
Келді Май қызыл гүлін желбіреткен.
Ақ қанаты ынтымақ нұрын құйып,
Самғады, көгерішіндер ұшты биік.
Дегендей, бұзбайыншы салтанатты,
Табиғат райлана қалды ұйып.
Нұр шапақ көрік беріп жер бетіне,
Күн ойнап әр адамның келбетіне.
Дуылдап, думандатып қозғалғанда,
Ұқсайды толқып жатқан көл бетіне.
Келе бер, келе берші, жарқын Майым,
Қарсы алар сені елдің сыйы дайын.
Қаламыз бір жасарып, жігерленіп,
Құшағың гүлге толып келген сайын.