02.08.2022
97
БҮГІН ТАҢДА
Таңғы жел аймалайды сүйіп беттен,
Кәрі-жас бүгін тіпті басады өктем.
Есітіп шаттық үнін серігінен,
Асылып тұрып қапты ай да көктен.
Құп алып таң шолпаны жымың еткен...
Аяз да мейірлене сүйді беттен.
Қарсы алып жатыр ерді, әйелді де,
Еңселі үй туын биік желбіреткен.
Бүгінгі таңғы ауаны күлкі керней,
Әркімді әкелді бір сезім тербей.
Сонша адам бір кісідей сенім артып,
Таңдаулы ұл-қызына дауыс бергей.
Туынан ақ қанатқа нұр құйылып,
Әділет көгершіні ұшты биік.
Сол кезде урна ішіне бюллетеньмен
Үміті миллиондардың кетті сыйып.