02.08.2022
125
ОСЫНДАЙ ЖАСТАР БАР
Бар шыным,
Жарқыным,
Мен бір ауылдың қартымын,
Ақсақалдардың артымын,
Сондықтан да бір жайды
Сендерге батыл айтамын.
Кеше мен,
Көшеден,
Бір топ жасты көрдім.
Жігіт те бар, қыз да бар,
Өңшең бір қызбалар.
Дауылдасып,
Шуылдасып,
Жанымнан өте берді.
«Астапыралла,
Шын адам ба мыналар», –
Деп қатты шошындым.
Бір киімі жоқ мынау сияқты,
Бейне жерге қағатын сына сияқты.
Қыздары қылтиып, сылтиған,
Ілмиіп өскен қына сияқты.
Табандары төрт елі,
Сонысы да ішімді өртеді.
Жарқыным,
Бар шыным,
Беттерін қарап тұрсам,
Адамның көркемі.
Не керек,
Алды-арты жоқ төпелеп,
Аямай опалапты,
Шаштарын қопалапты.
Құдай бермесін басқа,
Бұл тек тап болсын,
Күлмеген қара тасқа.
Жарқыным,
Бар шыным...