02.08.2022
147
ҚАРТ КӨКТЕМІ
Немересін жанына ап,
Еңбек сүйгіш көрші шал.
Ертеңді-кеш ерінбей,
Отырғызды жасыл тал.
Сүйсінеді ол ісіне,
Сезбей уақыт өткенін.
Өз қолымен еккендей,
Өмірінің көктемін.
Орындалды, мінекей,
Көрші шалдың арманы.
Ол орнатқан талдардан,
Жайқалды ауыл орманы.