02.08.2022
  124


Автор: Қазданбай Қосжанов

АҚЫН ДОСЫМА

Аттанып ең теңізге алып жолдама,
Сол жолдама әлі сіздің қолда ма?
Шабытыңды шыңдады ма өр толқын,
Ақ көбігін аспанға атып долдана.
Көк теңізбен жарасты ма жас жаның,
Өршіді ме жаңа жанған жас жалын?
Шағаладай шалқып ұшып жырларың,
Шарлады ма ақша бұлтын аспанның.
Алмасақ та ақын деген постыны,
Үміткерміз, білесің ғой, дос мұны.
Мерекеде соның үшін жырменен,
Көтерелік саған арнап тостыны.





Пікір жазу