02.08.2022
  98


Автор: Қазданбай Қосжанов

КҮЙШІ ШОПАН

Қалғанда шертіп-шертіп домбырадан,
Сергітіп тұла бойды күй ағылды.
Сусындап дариядай мол мұрадан,
Самғатты, көкке өрлетті қиялымды.
Күлімдеп сахнада отыр жалғыз,
Күйші қыз он саусақтан балы тамған,
Жарқырап тұрса алдыңда Шолпан, Жұлдыз,
Қалайша жыр тумасын ақын жаннан.
Артистің тартқанынан бір кем емес,
Нақышты тәтті күйдің үні, сазы.
Сахнаға шыққандай береді елес,
Дина, не күй атасы Құрманғазы.
Өнерлі, күй тартса да мақтан ісі,
Кім дерсіз осыншама күйді сүйген?
Ол – Шопан, ауылымның мақтанышы,
Өргізген қойды өріске осы күймен.





Пікір жазу