meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  02.08.2022
  151


Автор: Қазданбай Қосжанов

ШОПАН ЖЫРЫ

Ұлысын сыңсып далада боран,
Шопан ба тегі қорқатын одан.
Сақадай сай ғып алынған жазда,
Пішенім мен қыстауға қорам.
Артса да өмір ауырын жүктің,
Бас иіп қашан тіземді бүктім?
Қиыннан қашып, бұлғатып бүғып,
Қай күні істің жеңілін күттім?
Маңдайға шып-шып төгіле терім,
Ел маған артқан ақталсын сенім.
Жайлауым толып мыңғырған малға,
Гүлденсін Отан, көркейсін жерім.





Пікір жазу