02.08.2022
100
ШОПАН ӘНІ
Мамырлатып мал толтырған қотанға,
Аңдап қара, аңдап қара шопанға.
Елтірім бар, етім, сүтім, майым бар,
Тонна-тонна табыс етер Отанға.
Болжасаң да ойменен,
Шалқар ырыс қой деген.
Бірге жатып, бір тұрдым,
Ел дәулеті – қойменен.
Қойға толсын туған өлке қырқасы,
Еңбек жырын қосыл, құрбы, шырқашы.
Ұлы Отанға махаббатым кеудемнен,
Жыр болып ақ, көкіректен жыр тасы.
Болжасаң да ойменен,
Шалқар ырыс қой деген.
Бірге жатып, бір тұрдым,
Ел дәулеті – қойменен.
Жүрейін мен мейлі қырда ақпанда,
Қарлы қыста қой түнетіп шатқалға.
Сол да маған тосқауыл ма, жаныма
Отан өзі жігер отын жаққанда.
Болжасаң да ойменен,
Шалқар ырыс қой деген.
Бірге жатып, бір тұрдық,
Ел дәулеті – қойменен.