02.08.2022
  150


Автор: Қазданбай Қосжанов

ҚҰРЫЛЫСШЫ ДОСЫМА

Неге ғана шаттандың, дос, биіктен,
Арманыңдай сол биікті сүйіп пе ең?
Жерде жүрсең үндеместің бірі едің,
Жан сырыңды жүріпсің ғой түйіп сен.
Қуат қосып төсіңдегі орден де,
Зәулім үйді мәрмәр тастан өрдің бе?
Соның биік мұнарасы басынан,
Болашақтың нұр шапағын көрдің бе?
Сені бұрын елемеппін қате ұғып,
Өлеңіме болар ед деп бір тақырып.
Мен аңсаған әдемі жыр тұр екен,
Өз тұлғаңда, ар тұлғаңда шақырып.





Пікір жазу