02.08.2022
  100


Автор: Қазданбай Қосжанов

ЖОМАРТ ДАЛА

Оянып ұйқысынан кербез дала,
Керіліп маңғазданды жаңа ғана,
Қозы-лақ секіреді сай қуалап,
Сіміріп таза ауаны рахаттана.
Қар еріп, кернеп суы сай-саланы,
Шырқалды жайлаудағы малшы әні.
Қой қоздап, түйе боздап, малдар төлдеп,
Алқаптың қайта оралып, келді сәні.
Балқытып қорғасындай құм, қияны,
Алтын күн арайлана нұр құяды.
Табиғат мерейлене күле қапты,
Дегендей келді таңның миллиондары.
Көп күткен сағынышпен сол мезетті,
Шаттық үн таңғы ауанаы кернеп кетті.
Шыдамай сом білектер қайратына,
Бусанып жомарт дала терлеп кетті.





Пікір жазу